Жизнь студенческого сообщества

«ЖІГЕР»  СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫ

2021 ж. 11 мамыр

«ЖІГЕР»  СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫСЫ

Жалпы ережелер. Мақсаттары:

  • Облыстық студенттер парламенті жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін  дамытуға, әлеуметтік бастамаларды  қолдауға бағытталған студенттік өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.
  • Студенттік өзін– өзі басқару органы – студенттік парламент білім алушылардың мүдделерін, тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші өкілеттілік ретінде білім беру ұйымдары студенттерінің бастамасы бойынша құрылады және Қарағанды облысының ТжКББ ұйымының «Жігер» жастар қозғалысының аясындағы Студенттік парламент ережесінің негізінде әрекет етеді.
  • Парламенттің мақсаты жастардың табысты әлеуметтенуі мен өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, білім алушылардың туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ колледж жастарының жан-жақты дамуына, оның рухани, мәдени, білім беру және кәсіби тәрбиесін қалыптастыруға, студенттік бастамаларды қолдауға жәрдемдесу болып табылады.

Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары:

  • экологиялық,
  • еріктілер,
  • өлкетану,
  • туристік,
  • интеллектуалды,
  • экономикалық,
  • спорттық,
  • піріксайыс,
  • этномәдени,
  • көркемдік-эстетикалық
  • музыкалық
  • басқа да шығармашылық    жобалар

Парламенттің құрылымы 8 фракциядан құрылған:

  • Құқық және тәртіп фракциясы
  • Ақпарат фракциясы (баспасөз қызметі).
  • Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  • Өзін-өзі тану және қуаныш (психология) фракциясы.
  • Қамқорлық фракциясы (еріктілер).
  • Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  • Пікірсайыс қозғалысының фракциясы.
  • Экология және еңбек фракциясы
  • Білім беру ұйымының әрбір тобынан барлық 8 фракцияның депутаттары сайланады (әрбір фракцияға 1 депутаттан кем емес болуы керек).

Тақырып бойынша басқа жазбалар

Волонтерство
Толығырақ
Летний лагерь
Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

8(7212) 41-15-40, 8 (7212) 41-15-41, 8 (7212) 41-17-79
hitman_87@bk.ru
г. Караганда, пр. Бухар-Жырау, 12
https://mhtc.mycollege.kz/