ЖММ «Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледж»
Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледж 1950 жылы құрылған. 1952-1997 жылдар аралығында «Мемлекеттік индустриалды-педагогикалық техникум (колледж)» деп аталған. 1997-1998 жылдар аралығында «Экономикалық колледж» деп аталған болса, 1998-2002 жылдар аралығында «Қазақстандық қаржы-экономикалық университет» деп өзгертілген. Одан кейін 2002-2003 жылдарда «Қазақстандық қаржылы-экономикалық университет», 2003-2012 жылдары ЖММ «Көпсалалы гуманитарлы-техникалық университет» деп аталып, 2012 жылдан бастап ЖММ «Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледж» деп атауы өзгертілді. Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледж мемлекеттік емес бейкоммерциялық білім беру ұйымы болып табылады. Колледждің қызметі реттемеленген. Колледждің ережесі Мемлекеттік лицензияға сәйкес 2012 жылы бекітілген. Жастарды кәсіби, адамгершілік, дене және ақыл-ой тұрғысынан тәрбиелеу колледждің ертеден келе жатқан дәстүрлері. Еңбек нарығында талап етілетін жаңа мамандықтарды меңгеру Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледж қызметінің стратегиялық, басым бағыттары болып табылады. Қазіргі уақытта колледж техникалық кәсіби және орта білім бағдарламаларына сәйкес 11 мамандықтар бойынша мамандар даярлайды.
Толығырақ
Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.
Пікір қалдыру